• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 16 Желтоқсан, 2025

Шымкенттен Бангкокке қатынайтын жаңа әуе рейсі ашылды

40 рет
көрсетілді

Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгіннен бастап отандық «SCAT» әуе компаниясы Шымкент – Бангкок бағыты бойынша Таиландқа жаңа әуе бағытын ашты, деп жазады Egemen.kz.

Рейстер аптасына 2 рет — дүйсенбі және бейсенбі күндері — «Boeing 737 MAX 8» және «Boeing 737–800» типті әуе кемелерімен орындалатын болады.

Аталған әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, туристік және іскерлік ынтымақтастықтың одан әрі дамуына ықпал етеді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар